«Қыздың сұлулығы – бұрымында»

13.10.2023

« көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге» демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», – деп жырға қосқан. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киесі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Ал бүгінгі күні қыздың көркі – шаш деген сөзді басқа ұғымдармен алмастырып алғандаймыз. Шашы емес, тырнағы ұзын, астында машинасы, қолында қос телефоны бар қыздарымыз сәнде. Алайда бұл қазір шашы ұзын кыздар жоқ деген сөз емес. Әрине, бар. Бірақ ұзын шашын жайып, автобуста қысылып тұрғанда кейбірінің аузына, көзіне кіріп кететін шаштарға не айтамыз?! «Березка» жатақханасында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің әлеуметтік педагогі С. Г. Коновалова және жатақхана тәрбиешісі С. А. Аманова дайындаған іс-шарасы қызықты өтті. Қыз өссе – елдің көркі. Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы шаш. Байқау қыздар арасында шаш үлгілерін модельдеу бойынша үздік шеберлерді анықтау мақсатында өтті. Іс-шара барысында қатысушылар мен көрермендер бұрым дегеніміз не? Қазіргі бұрым қандай? Шашты қалай күтуге болады? Әдемі өрімді қалай өсіруге болады?,- деген сұрақтарға жауап алды. Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрды. 1.Үй тапсырмасы. Шаш үлгісі (атауы, көрінісі). 2. Шығармашылық байқау (қатысушылар өздерінің таланттарын ашты). 3. Конкурс – «Колосок» бұрымды өру. 4. «Таспадағы бұрым» (таспаны пайдаланып бұрым жасаңыз). 4. «Очарование» (ұлдар қыздарға бант байлады) Нәтижесінде 1 орынды Лумпова Алина, 2 орынды- Непомнищева Снежана , 3 орынды - Семенова Карина, 4 орынды - Мұстафина Әлия иеленді . «Таудың көркі – тас, қыздың көркі – шаш» демекші, сүмбілдей төгілген бұрымды қыздарымыздың орнын шашын күйдіріп бұйралаған, иыққа дейін «қиқалаған» «сылқымдарымыз» әйел затының табиғатындағы ибалық пен көркін асырған қос бұрым екендігін ұмытпаса дейміз.



Текст
Виртуальная приемная