«Ғарыштың бүгіні мен ертеңі»

12.04.2022

12 сәуірде бүкіл әлем авиация және ғарышкерлер күнін - адамның ғарышқа алғашқы ұшуын еске алу күнін атап өтеді. Бұл ерекше күн — ғылымның және бүгінде ғарыш саласында еңбек етіп жүргендердің барлығының жеңісі күні. Ғылымның осы ерекше жеңіс күнінде біз 1961 жылы 12 сәуірде КСРО азаматы Юрий Гагариннің әлемде алғаш рет планетамыздың орбитасына шыққанын және оған дейін бірде-бір адам көрмеген нәрсені, көптеген жылдар бойы мүмкін емес деп саналған нәрсені жасағанын еске аламыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен бұл күн ғылым қызметкерлері күні ретінде белгіленді. Жастардың назарын ғылымның өзекті мәселелеріне аудару мақсатында 2022 жылғы 12 сәуірде Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде "Ғарыштың бүгіні мен ертеңі" атты іс-шара өтті. Қатысушылар ғарыштың ашылу тарихын, ғарышкерліктің жүріп өткен ғылым жолын білді. Студенттер "Қазақстан ғарышкерлігінің тарихы" және "Біз ғарышкерлік туралы не білеміз" викториналарының сұрақтарына белсенді жауап берді. Кім ғарыштық сөздерді көбірек атайды - "Сөз ойыны" өте қызықты өтті.



Текст
Виртуальная приемная