2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары Н.Н. Келесбаева мен Т.В. Холкина 30-топ «Тамақтануды ұйымдастыру» және 45-топ «Ет және ет өнімдерін өндіру» мамандықтарының студенттері үшін «Тату отбасы – қуатты мемлекеттің негізі!» атты тренинг өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, дәстүр мен отбасылық қатынастарды нығайту, өскелең ұрпақта жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында берік отбасы тек қуатты мемлекеттің тірегі ғана емес, ең басты құндылықтарды еске салатын ұғым екені атап өтілді: «отбасы» сөзінің ар жағында қамқорлық, қолдау және жауапкершіліктің тұтас әлемі бар; отбасы – біз сүйетін, үлгі алатын, қамқор болатын және бақ-береке тілейтін ең жақын адамдар.
Студенттер тренингке қызығушылықпен қатысып, өз пікірлерін белсенді түрде білдірді.


