Дөңгелек үстел: «Бақытсыздық болмас үшін»

29.11.2021

23-қараша күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Бақытсыздық болмас үшін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты - АИТВ-жұқпасының таралуы мен алдын алу мәселесіне назар аудару. Іс-шараға 16 топ білім алушылары мен колледж оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы әлеуметтік педагог С.Г.Коновалова талқыланған тақырыптың маңыздылығын, білім алушылардың саналы және жауапты мінез-құлқының қажеттілігін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында «ЖИТС туралы алты аңыз» презентация ұсынылды.



Текст
Виртуальная приемная