«Өз Отаныныңды қорға!» дөңгелек үстел

20.05.2024

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Өз Отаныныңды қорға!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылардың бойында мәдениетке, тарихи өткенге және Қазақстанда тұратын халықтардың мұрасына деген сүйіспеншілікпен, құрметке және төзімділікке тәрбиелеу. Білім алушыларға «Первомай» атты деректі фильмі көрсетілді, онда Кеңес дәуіріндегі демонстрациялар туралы айтылды, 1 мамырға арналған әндер айтылды - «Утро красит нежным светом», «Широка страна моя родная» , «Солнечный круг». Сұхбат барысында студенттер еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алып, ата-аналардың мамандықтары туралы айтып, өз тілектерімен бөлісті. Іс-шара соңында студенттер түйінді сөздерді көрсете отырып, шеңбер құрды.



Текст
Виртуальная приемная