Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Техникалық білім беруді дамыту – стратегиялық міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға облыс және аймақ колледждерінің жұмысшы кадрларды даярлауға бағытталған, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға мүдделі өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына Есіл ауданы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері – Кравчук А.Ю. және Нурумов А.Е. қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар оқу үдерісінде кездесетін өзекті мәселелерді, өңірлік еңбек нарығының жұмысшы кадрларға деген сұранысын талқылап, ауыл шаруашылығы бағыты бойынша техникалық білім беруді дамытуда жаңа міндеттерді айқындады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша облыс пен елдің агроөнеркәсіптік кешеніне қажетті білікті жұмысшы мамандарды даярлау бағытындағы алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленіп, ынтымақтастық аясында нақты іс-шаралар жоспарланды.


