«Рәміздер – рухымыз, арожданымыз» дөңгелек үстел

04.06.2025

2025 жылы 4 маусым күні «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – рухымыз, арожданымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы тарихи және мазмұнды ақпарат беру, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті ұғындыру.

Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған мазмұнды және заманауи форматтағы тапсырмалар ұсынылды:

Бейнематериалмен жұмыс – «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» бейнеролигі көрсетіліп, оның мазмұны бойынша пікір алмасу өтті;

Топтық жұмыс – студенттер карточкалар арқылы Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының символикасын талқылады;

Интерактивті викторина – Wordwall платформасында «Рәміздер – рухымыз, арожданымыз» тақырыбында онлайн-викторина ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жылы әрі тәрбиелік сипаттағы атмосферада өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.



Текст
Виртуальная приемная