18 қараша күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Вейп, IQOS, снюс және темекі шегудің басқа да баламалы түрлері зиянды ма?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге 1 курстың 10 топ білім алушылары қатысты. Білім алушылар бұл мәселеге қызығушылық танытты, пікірталас барысында білім алушылар назарына «Тағы да бастысы туралы. Вейп және электронды темекі» презентация ұсынылды. Қатысушылар егер сізде темекі шегу әдеті болмаса, никотин бар сұйықтықпен толтырылған электронды темекі шегуді бастаудың қажеті жоқ деген ортақ пікірге келді. Қорытынды шығару кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін белсенді түрде білдірді.