Солтүстік Қазақстан облысының ветеринарлық станциялары мен мал шаруашылығы қызметкерлерін курстық даярлау

05.03.2022

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК жанындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру Орталығында 2022 жылғы 27 қаңтар мен 23 ақпан аралығында 3W08410101 «Жануарларлды ветеринарлық өңдеу бойынша оператор» біліктілігімен 08410100 «Ветеринария» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық станциялары мен мал шаруашылығы қызметкерлерін курстық даярлау жүргізілді. Курс тыңдаушыларының саны 41 адамды құрады.

Сабақтар SOVA білім беру платформасын пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді.

3W08410101 «Жануарларлды ветеринарлық өңдеу бойынша оператор» біліктілігімен 08410100 «Ветеринария» мамандығы бойынша 1 ай оқу мерзіммен жұмыс оқу жоспары шеңберінде арнайы пәндер оқытушылары Еремин Сергей Николаевич, Садуов Теміржан Әшірбекұлы, Жанайдаров Олжас Қазбекұлы жетекшілігімен курс тыңдаушылары «Ауыл шаруашылығы жануарларының анатомиясы мен физиологиясын», «Рецептурасы бар фармакология», «Ішкі жұқпалы емес аурулар», «Паразитология және инвазиялық аурулар», «Клиникалық диагностика», «Эпизоотология микробиологиясымен», «Ветеринариялық хирургия» пәндерін меңгерді.

2022 жылдың 23 ақпанында «Ауыл шаруашылығы жануарларының анатомиясы мен физиологиясы», «Клиникалық диагностика» пәндері бойынша біліктілік емтиханы өткізілді, емтихан барысында курс тыңдаушылары жақсы білімдерін көрсете алды.

Курстық дайындық белсенді өтті, олардың нәтижелері бойынша 3W08410101 «Жануарларлды ветеринарлық өңдеу бойынша оператор» біліктілігі берілді.



Текст
Виртуальная приемная