Қайта даярлау курсы

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК жанындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру Орталығының қызметі

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК теңгерімінде ұзақтығы 1,2,3 ай қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылған кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру Орталығы ашылды.

2017 жылдан бастап бұл Орталық «Атамекен» ҚР ҰКП оқу орталықтары мен оқу орындары тізіліміне енгізілді.

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК жанындағы Орталықтың екі оқу корпусы, қажетті оқу кабинеттері, зертханалар, ветеринариялық клиника және тиісті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілген оқу фермасы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, яғни: екі жатақхана, асхана, монша, медициналық пункт бар, оқудан бос уақыттарда спорттық секциялар жұмысы мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40 адам және жеке шарттар бойынша 138 адам дайындықтан өтті.

Орталықта кадрларды даярлау және қайта даярлау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • 0518012 «Бухгалтер» біліктілігімен 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы
  • 1502012 «Зертханашы» біліктілігімен 1502000 «Агрономия» мамандығы
  • 0508012 «Аспаз» біліктілігімен 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы
  • 1504062 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы- машинисі» біліктілігімен 1504000 «Ферма шаруашылығы» мамандығы
  • 1513022 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру жөніндегі оператор», 1513012 «Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі оператор» біліктілігімен 1513000 «Ветеринария» мамандығы
  • 1508092 «Орман ағашын жығушы», 1508052 «Орманшы» біліктілігімен 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы

Оқу аяқталғаннан кейін тиісті біліктілігімен, белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.



Текст
Виртуальная приемная