«Халықаралық ғарышкерлер күні» квест

08.04.2025

КГКП «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында «Халықаралық ғарышкерлер күні» атты квест өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың таным көкжиегін кеңейту, ғарышты игеру тарихымен таныстыру, топтық жұмыс пен ғылымға деген қызығушылықты арттыру. Квест барысында қатысушылар келесі кезеңдерден өтті: • «Ғарыштық саяхат» интерактивті ойыны – қатысушылар планеталар, жұлдыздар, ғарышты игеруге қатысты тарихи деректер мен тұлғалар жайлы тапсырмаларды орындады; • Әріптік эстафета – топтар ғарыш тақырыбына байланысты сөздерді әріп карточкалары арқылы құрастырды; • «КосмоQuiz» викторинасы – білім алушылар түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін сынады. Білім алушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен топтық жұмысқа бейімділіктерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде, қызықты әрі әсерлі форматта өтті.



Текст
Виртуальная приемная