Орман бөліміне 20 жыл

08.06.2021

Ағымдағы, 2020-2021 оқу жылы «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылысы» бөлімі үшін мерейтойлық жыл болды. Осыдан тура 20 жыл бұрын болашақ орман шаруашылығының қызметкерлері орман шебері мамандығының негіздерін игере бастады. Бөлімнің жұмыс атқару кезеңінен күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша 600-ден астам орта буын мамандары шығарылды. Олардың көпшілігі Қазақстанның және жақын шетелдің орман саласы кәсіпорындарында еңбек етіп, Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің қабырғасында өткізілген уақытты ұмытпайды.

«Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» бөлімі туралы бейне-роликті колледждің YouTube-арнасынан көруге болады.



Текст
Виртуальная приемная