28.09.2023
2023 жылы 28 құркүйек күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында «Қожа Ахмет Яссауи туғанына 930 – жыл» атты әдеби ойынын кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді. Әдеби ойынның мақсаты: Қожа Ахмет Яссауидің шығармашылығын дәріптеу, құрметтеу және құндылығын насихаттау. Ойын барысында студенттер Ұлы ғұламаның шығармашылығына сұрақтар қоя отырып, талқылады. Көркемдік құндылығын бағалап, тарихи маңызын анықтады.


