“Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!”әдеби аукционы

18.11.2022

2022 жылдың 18 қараша күні колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” атты тұжырымдама аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Р.Д.Тойшибекова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 20 тобы және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 16 топ студенттерімен бірлесіп “Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!” тақырыбында әдеби аукцион өткізді. Аукционның мақсаты: студенттердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Аукцион барысында бейнебаян көрсетіліп, әрі қарай осы тақырып бойынша ақыл-ой картасын жасады, викторинаға, сұрақтарға жауап берді. Студенттер іс-шарада жақсы білімдерін көрсете білді және әдеби аукционға үлкен ықыласпен қатысты.



Текст
Виртуальная приемная