Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби сағат

30.09.2022

2022 жылы 29 қыркүйек күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспары аясында "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі "КМҚК-ның кітапханасында «Мұхтар Әуезовтің әдеби әлемі» атты әдеби сағаты өткізілді. Іс шараның мақсаты: Білім алушылардың кітап пен көркем әдебиетті оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.Кітапханашы К. Б. Ғайсина студенттерді қазақ әдебиетінің алтын қазынасына енген М.Әуезовтың өмір жолымен, қызметімен және негізгі шығармаларымен таныстырды. Жазушының ең басты еңбегі - "Абай жолы" романы, ол әлемнің 116 тіліне аударылған. Қатысушы студенттер М. О. Әуезов туралы ұлы тұлғалардың афоризмдерін оқып өз ойларымен бөлісті.



Текст
Виртуальная приемная