«Мен әлемді кітап оқу арқылы білемін!» әдеби кейсі

27.12.2022

27.12.2022 жылы Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі кітапханасында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" және "Агрономия"мамандықтарының 1 курс студенттері арасында "Мен кітапты оқимын", "Мен әлемді білемін!" атты әдеби кейс ұйымдастырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Көптеген адамдар үшін кітап оқу – жаныңа жайлылық , тыныштандыратын ең жақсы демалыс түрі болып табылады. Кітаптің әрбір бетін мұқият оқымайынша, қызықты кітаптан түгел оқып шығу, мағынасына толық түсіну мүмкін емес. Кітап оқу қиялды, ой өрісті дамытады. Кітаптар әлемі әдемі және таңғажайып. Әрбір кітап - өз кейіпкерлерімен, оқиғаларымен, атмосферасымен ерекше! Көп оқитын адамдардың сөздік қоры мол болады. Олар өз ойларын оңай жеткізеді, дұрыс және әдемі сөйлейді. Мүмкіндігінше кітап оқуға көп уақыт бөліңіз! Кітап оқу пайдалы және қажет, егер білімді адам болғыңыз келсе, онда тек кітап оқуды әдетке айландарыңыз! Іс-шара мақсатына жетті, әрі өте тартымды өтті.



Текст
Виртуальная приемная