«Мағжан жыры мәңгілік» атты әдеби кеш

26.05.2023

Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мағжан жыры мәңгілік» атты әдеби қонақ бөлмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға колледждің 1-2 курс білім алушылары ат салысты. Іс-шара барысында артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз –Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмір жолынан қысқаша мәлімет беріліп, терең ой мен күрделі пікірге құрылғаншығармаларынан, өнер, білім, жастарға өсиет тақырыбында жазылған өлеңдерінен үзінділер оқылды. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Ветеринария» мамандықтарының бірінші курс білім алушыларымен Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері жатқа орындалды, бейнесюжет тамашаланды. Аталған шара Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізіліп, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу болып табылады.



Текст
Виртуальная приемная