2023 жылдың 08 қыркүйек күні колледж кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығының 18 топ студенттерімен бірлесіп «Туған же тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Іс шараның мақсаты: студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету, мемлекеттік тілді білуді ынталандыру және халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Қатысушы студенттер өз ана тілі – қазақ тілінде, ресми орыс тілінде және халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілінде танымал ақын жазушылардың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар студенттер әдебиет пен қазақ тілінен қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармалардан берілген үзінділердің авторын, қай шығармадан екенін анықтады. Көнеден келе жатқан сөздердің мағынасын түсіндіріп, шешендердің даналық сөздерінің шешімін тапты. Шешен адам қандай болу керек, оның бойына қандай қасиеттер тән екенін анықтады.



