«Мағжан жыры – мәңгілік!» атты іс-шара

18.09.2023

2023 жылы 18 қыркүйек күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мағжан жыры – мәңгілік!» атты іс шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға колледждің 1 курс «Ветеринария» мамандығының білім алушылары ат салысты. Іс-шара барысында артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын –Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмір жолынан қысқаша мәлімет беріліп, терең ой мен күрделі пікірге құрылған шығармаларынан, өнер, білім, жастарға өсиет тақырыбында жазылған өлеңдерінен үзінділер оқылды. «Ветеринария» мамандығының бірінші курс білім алушыларымен Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері оқылып, кластер толтырды. Аталған шара Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізіліп, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу болып табылады.



Текст
Виртуальная приемная