5 қазанда «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында «Студенттер мен педагогтер» марафоны аясында волейболдан спорттық іс-шара өтті. Аталған шара интерес
едагогтер мен студенттерді спорттық бәсекелестік, командалық рух және көтеріңкі көңіл күй атмосферасында біріктірді.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ студенттер мен педагогтер арасындағы достық және командалық қарым-қатынасты нығайту.
Ойын барысында қатысушылар өздерінің дене дайындығын, ептілігін, жылдам реакциясын, допты меңгеру техникасын және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Матч тартысты әрі динамикалық жағдайда өтті: командалар өздерінің үздік қасиеттерін көрсетуге және жеңіске жетуге ұмтылып, ойын бойы бір-біріне қолдау көрсетті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің дене шынықтыруға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, тәртіптілікке, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге және ортақ мақсатқа жетуге деген ұмтылысын тәрбиелеуге ықпал етеді.
«Студенттер мен педагогтер» іс-шарасы қызықты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге жағымды эмоциялар, жарқын әсерлер және көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

