Халықаралық балаларды қорғау күні

02.06.2021

Бүгін жаздың бірінші күні, ал күнтізбеде бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде белгіленген!

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясының айлығы аясында педагог-психолог В.Н. Юртова және әлеуметтік педагог С.Г.Коновалова «Бақытты отбасында - бақытты балалар» атты бақытты көп балалы отбасылар туралы бейне-роликтер конкурсын жариялады. Бұл іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын оқиғалардың бірі болды. Студенттер жұмысқа қызығушылықпен қатысты. Бейне-роликтерде олар өз отбасылары туралы мақтанышпен және сүйіспеншілікпен айтып, ата-аналарына алғыс білдірді.

01.06.2021 жылы акт залында колледж студенттері мен оқытушылары үшін бейне-роликтерді қарау ұйымдастырылды. Тәуелсіз қазылар алқасы жұмыстарды бағалап, қорытынды жасады. Орындар келесідей бөлінді:

1 орын – 10 топ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

2 орын – 26 топ «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы

3 орын – 21 топ «Ветеринария» мамандығы

Халықаралық балаларды қорғау күні әр баланың көңілді және бақытты балалық шағы болуы керек екенін тағы бір рет еске салады. Балалардың бойында қуанышты және көңілді көңіл-күй, жағымды эмоциялар, достық пен патриотизм сезімдерін қалыптастыру, олардың арасындағы достық қатынастарды жақсарту іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.



Текст
Виртуальная приемная