Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша іс-шара

22.09.2023

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша іс-шара өтті. 1 курс студенттері үшін бұл біздің оқу орнымыздағы алғашқы бұқаралық спорттық жарыстар болды, сондықтан белсенділік жоғары деңгейде болды. 8 команда барда тартылу және 1000 метрге жүгіру жарыстарында бақ сынады. Жарыстарды өткізудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: - салауатты өмір салтын насихаттау; - жастардың дене дайындығын арттыру; - спорттық дәстүрлерді нығайту; - мәдени-спорттық бос уақытты ұйымдастыру; - колледж құрама командаларына қосу үшін перспективалы спортшыларды анықтау. Жарыс сәтті өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды "Агрономия" мамандығының студенттері, екінші орынды "сүт және сүт өнімдерін өндіру" мамандығының студенттері, үшінші орынды "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығының студенттері иеленді.



Текст
Виртуальная приемная