2025 жылғы 6 наурыз күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің "Березка" жатақханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем, гүлдер және қошемет" атты мерекелік концерт өтті. 8 наурыз – көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі. Бұл күні ерекше сөздер мейірімді, нәзік, батыл әрі бір мезетте сезімтал жақын әрі сүйікті әйелдерімізге арналды. Біз аналарымыз бен әжелерімізден қаншама қуаныш пен қамқорлық аламыз. Оларсыз өмірімізде мұнша жарық пен жылу, махаббат пен әсем бояулар болмас еді! Осы керемет кешті ұйымдастыру мен өткізуге атсалысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!


