Әдістемелік кеңес

18.04.2022

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да ТжКБ оқытушыларын аттестаттау қағидаларының негізгі тармақтары: портфолио критерийлері мен бағалау парағы, бейне-сабақтарды жазуға қойылатын талаптар, ҰБТ өткізу мерзімдері, эссенің міндеттері мен функциялары аттестаттау кезеңдерінің бірі ретінде, біліктілікті бағалауды өткізу ережелері және оқытушы қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тақырыптарын қарастыруда әдістемелік кеңес өтті. Ұлттық біліктілік тестілеу педагог қызметкердің аттестаттаудан өту кезінде негізгі тармақтардың бірі болып табылады. Жоспарлы аттестаттау кезінде педагог жыл ішінде ҰБТ-ны бір рет тегін және бір рет ақылы негізде тапсыруға мүмкіндігі бар, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтердің күнтізбелік жылда бір рет тегін ҰБТ-дан өту мүмкіндігі бар. Солтүстік Қазақстан облысында ҰБТ тестілеу Орталығымен Петропавл қ. және Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишим а. өткізіледі. Колледж әдіскері Е.А.Ионовамен ҰБТ тапсыру кезінде педагогтарға аудиторияда телефондарын, басқа да гаджеттерді (тыйым салынған заттарды) пайдалануға, орнынан рұқсатсыз тұру және аудиториямен жүруге, аудиториядан тестілеу аяқталмай тұрып шығуға тыйым салынатынына, Орталық қызметкерінің рұқсатымен немесе тестілеу және эссе жазу аяқталғаннан кейін ғана аудиториядан шығуға рұқсат берілетініне ерекше назар аударылды. Оқытушылар тыйым салынған заттар табылған жағдайда, біліктілік санаты «педагог» біліктілігіне дейін төмендейтін, педагогтің өзі бұзушылық туралы акт жасалған кезден бастап, кемінде бес жылдан кейін аттестаттаудан өту құқығымен жауапты болады деген хаттамаға қол қойды.



Текст
Виртуальная приемная