24 қыркүйекте «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында Есіл ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны А.А. Уразбаевпен алаяқтық тақырыбы бойынша кездесу өтті. Кездесуде кең тараған тәсілдер (әлеуметтік инженерия, фишинг, жалған маркетплейстер мен төлемдер) талданып, нақты жағдайлар мен жәбірленушілер жіберген қателер көрсетілді. Қатысушыларға алаяқтық қаупі туындаған/фактісі анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі, жеке деректер мен қаржыны қорғау бойынша ұсынымдар, сондай-ақ хабарласу үшін байланыс туралы мәлімет берілді.


