«Менің туған жерім - мен үшін қымбат, ол тек қана менікі!» эссе байқауы

27.01.2023

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасын жүзеге асыру асыру аясында гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен «Менің туған жерім - мен үшін қымбат, ол тек менікі» атты эссе байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты-студенттер өз ауылдарының тарихы мен мәдениетін айтып, ауылдарын дәріптеген танымал тұлғалар туралы, сондай - ақ ауылдың тарихи оқиғаларының куәгерлері туралы әңгімелеу. Байқауға «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығынының 10 топ студенттері мен «Орман шаруашылығы» мамандығының 19 топ студенттері қатысты. Студенттер 200 сөз көлемінде эссе жазды. Үздік жұмыстардың қорытындысы салтанатты жиында аталып көрсетіледі.



Текст
Виртуальная приемная