Мақтанышым - мемлекеттік рәміздер

02.06.2023

Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Алтын күн мен қалықтаған бүркіт сұлбасы бар көгілдір ту және ортасында шаңырақтың бейнесі бар елтаңба барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйдің символы ретінде әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін көрсетті. 04 маусымда бүкіл ел Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеді. 1992 жылдың дәл осы күні мемлекетіміздің айрықша белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер күні - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін ерекше мереке.

Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Туды салтанатты түрде енгізуден және Қазақстан Республикасының Әнұранын жаппай орындаудан басталды. «Мемлекеттік рәміздермен мақтануға әркімді мәжбүрлеу қиын, бірақ әрбір азамат өзін өз елінің патриоты деп санаса, оларды білуге және құрметтеуге міндетті»,-деп атап өтті колледж директоры Б.Бұғасов. Студенттер көрермендердің көңілінен шыққан музыкалық нөмірлерді дайындады. Шынында да, барлық рәміздерде — республиканың барлық халықтарын біздің ортақ үйіміз — Қазақстан, ортақ шаңырақ астында бірігуге шақырады.

Іс-шара қатысушылар мен колледж қонақтарының жан дүниесінде ұлттық мақтаныш рәміздерін құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелеуге, ар-намыс, парыз, елдің болашағы үшін жауапкершілік сияқты жалпы адамгершілік нормаларын тудырды.



Текст
Виртуальная приемная