Менің сүйікті кітабым. Кітапханалық квилт

30.05.2025

«Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Менің сүйікті кітабым. Кітапханалық квилт: жыл қорытындысы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқу жылын қорытындылап, студенттердің сүйікті кітаптарымен бөлісу және олардың негізінде бірлескен «квилт» жасау болды.

Білім алушылар өздерінің сүйікті шығармалары туралы қысқаша ақпарат жазып, оны безендіріп, ортақ көрмеге ұсынды. Интерактивті тақта арқылы сауалнамалар жүргізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында студенттердің жұмыстары негізінде цифрлық квилт жасалды. Мұндай шаралар оқуға деген қызығушылықты арттырып, шығармашылықты дамытуға және колледждегі оқу ортасын нығайтуға ықпал етеді.



Текст
Виртуальная приемная