ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІҢ СИМВОЛЫ

15.11.2022

2022 жылғы 15 қараша күні Ұлттық валюта – «теңге» мерекесінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК – да, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі: тарихы, қалыптасуы, қазіргі заман шындығы» атты ашық іс-шара өтті. Іс - шараның негізгі мақсаты - студенттерге ұлттық теңге және ұлттық валютаның маңыздылығы туралы тереңірек түсінік беру. Іс-шараның басында экономикалық пәндер оқытушылары студенттерді мереке тарихымен, елде жүргізіліп жатқан ақша реформаларымен таныстырып, ұлттық валюта жасаушыларды таныстырып, олардың Қазақстанның ақша жүйесінің дамуына қосқан үлесін анықтады. Сондай - ақ, «Ұлттық валюта күніне» арналған слайд-презентациялар ұсынылды. Білім алушыларға қаржыгерлер рөлін атқаруға мүмкіндік берілді, олар «Қаржылық есеп», «Салымдарды көбірек ашыңыз», «Жылдам қаржыгер» атты шағын интерактивті ойындарға қатысты. Қатысушылар эрудицияны көрсете отырып, бағалы қағаздардың ең оңтайлы портфельдерін еркін модельдеуге, басқа елдердің валюталары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысы «Ақша қатынастары әлемі: "Ақтаушы" және "Даттаушы" пікірсайысымен аяқталды. Өткізілген іс-шара ұлттық валюта - тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділік символының айқын дәлелі іспеттес!



Текст
Виртуальная приемная