"Жаман (балағат) сөзге жол жоқ!"

29.03.2023

Бұл лексика жасөспірімдердің күнделікті жаргонына айналған секілді. 2023 жылдың 28 наурыз күні колледж кітапханасында " Жаман (балағат) сөзге жол жоқ!» атты іс шара өткізілді. Бүгінде айналамыздағы адамдардың сөйлеуінде балағат сөздер жиі естіледі. Оны ересектер де, жасөспірімдер де және тіпті балалар да сөздік лексиконында пайдаланады! Ал бәрі оны естігенді ұнатады ма? Балағат сөздер адамның денсаулығына қалай әсер етеді? Балағат сөздер - бұл ересек адамның белгісі ме, әлде адамның ақыл-ойының жоқтығы ма? Осы және басқа сұрақтарға біз жауап іздедік. Видеофильмнен білім алушылар балағат сөздің әсері туралы көптеген таңқаларлық фактілерді білді. Іс шара соңында жігіттерге барлық жаман сөздерді парақшаларға жазып, оларды жаман сөз вирусынан босатып жою ұсынылды.

Іс шарадағы көптеген дәлелдер барлық білім алушыларға көмектеседі деп үміттенеміз!



Текст
Виртуальная приемная