«Біздің қыздар — ең керемет!»

17.10.2025

Әрбір қыз қамқорлықты, оларға көңіл бөлінгенді, тәттілерді, комплименттерді және тағы басқаларын ұнатады. Әлемде олардың бар болуының маңызын еске салып, әрқайсысының бірегей әрі қайталанбас екенін атап көрсету мақсатында 2025 жылғы 17 қазанда «Біздің қыздар — ең керемет!» атты акция өткізілді.

Педагог-психолог жігіт-студенттермен бірлесіп, үзілістер кезінде қыздарға шағын жағымды тосынсыйлар жасады: бірі кәмпит ұсынды, бірі құшағына басты, енді бірі жылы лебіздер жазылған ашықхаттар дайындады. Акция қыздарға өте ұнады және бүкіл күн бойы жағымды көңіл күй сыйлады.



Текст
Виртуальная приемная