Колледжде Наурызды тойлаудың қорытынды іс-шарасы кітапханашы К.Б.Гайсинамен ұйымдастырылған «Наурыз - бейбітшілік пен ізгіліктің символы» тақырыптық сағаты болды.
Наурыз мерекесі заманауи өмірге үйлесімді түрде өзгертіліп келіп, қоғамда достық пен келісімнің нығаюында үлкен рөл атқара бастады. Заманауи Наурыз - «уақытты байланыстыру», Қазақстанның тарихы мен қазіргі заманындағы маңызды байланысы болып табылады.

Наурыз - ортақ дастарханға жиналып, туысқандарды қарсы алып, бір - бірін мерекемен құттықтаудың тамаша мүмкіндігі. Дәл осындай күндері Қазақстандықтардың мүдделерінің ортақтығы, біздің елімізде болып жатқан ұлы жетістіктерге қатыстылығымыз ерекше сезіледі.
Осы көктемгі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық, қуаныш, бейбітшілік тілейміз. Наурыз айында барлық армандар, барлық үміттер орындалсын!
