«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының апталығы

03.04.2025

31 наурыз бен 4 сәуір аралығында колледжімізде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша пән апталығы өтті. Пән апталығына «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының студенттерімен қатар колледждің басқа мамандықтарының студенттері де қатысты. Циклдік әдістемелік комиссия отырысында мақсатты аудитория, пән апталығын өткізу мерзімі мен форматы көрсетілген алдағы іс-шаралардың жоспары жасалды. Пәндік апталықтың ашылуы А.И.Бараева атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 65 жылдығына арналған «Нан бағасы» фильмін көрсетумен басталды. Тың игеру, сол кездегі адамдар, егіс алқабының қыртысын аудармай баптау әдісін қолдану туралы сыр шертетін бұл фильмді тамашалауға «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Агрономия» мамандықтарының студенттері шақырылды. Пән апталығының екінші күні өндірістік оқыту бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының оқытушысы Жұмагалиев С.Қ өткізді. Сабақ барысында алға қойылған оқу мақсаттарына тиімді жетуге ықпал ететін әдістер көрсетілді. Аптаның үшінші күні «Жас техник» клубының студенттері әзірлеген, макеттер мен әртүрлі құрылғылар мен тетіктер үлгілерін көрсетуге арналды. «Жас техник» үйірмесінің жетекшісі А. А Краснощек, «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенттеріне желкенді қайықтың қарапайым үлгісінен бастап жылыту пешінің радиаторын таттан тазартуға арналған күрделі қондырғыға дейінгі әртүрлі техникалық құрылғылар мен тетіктердің үлгіллерін көрсетті. Пән апталығының төртінші күні оқытушы Ю. А Гилгенберг колледжімізде «Жұмысшы мамандығы» бөлімін бітірушілер тобының студенттеріне John Deere 6155M (Форвард) трактор тренажерінде жүргізу бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабақтың мақсаты – алдағы 2025-2026 оқу жылында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығына оқуға түсу туралы ұсыныспен жұмысшы мамандықтарының студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу. Аптаның соңғы бесінші күні «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының жоғары курс студенттері «Қауіпсіз жол» интеллектуалды ойынына қатысты. Бұл ойынға оқытушы А.Қ.Рахымғазиевтің жетекшілігімен мамандық бойынша екі команда қатысты. Ойын барысында командалар кезек-кезек жол қозғалысы ережелерінің күрделі ситуациялық есептерін талдап, оларға толық, жан-жақты жауап берді.



Текст
Виртуальная приемная