«Қош келдің Жаңа 2023 жыл!» жатақханадағы әсем кеш

27.12.2022

26.12.2022 жылы Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі "Аққайың" студенттік жатақханасында "Қош келдің Жаңа жылдық шырша" атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: жатақхана тәрбиешілері мен жатақхана белсенділері болды. Іс шара таңғажайыптар мен ең қымбат тілектердің орындалуымен жалғасын тапты. Жаңа жылдық мерекеде әсем әндер, билер, ойындар мен жұмбақтар бірінен кейін бірі жалғасын тапты. Студенттер жаңа жылдық мерекеге қатысып, көңілді уақыт өткізіп, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Жаңа жылдық кеш мерекелік дискотекамен аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын, құрметті студенттер!




Текст
Виртуальная приемная