«Бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шырша»

29.12.2022

Жаңа жыл – барлық адам үшін қызық пен қуанышқа, сиқырға толы мереке. Ертегі әлеміндегідей таңғажайып әлемге сену, керемет дүниені күту, барлық жақсылықтардың орындалуын күту - сияқты әлемнің ғажайыптарының орындалуын күтетін мереке. Бұл күні жақындарымызға , достарымызға және өзімізге сыйлық дайындауға асығамыз. Ал бүлдіршіндер бұл мерекені үлкендерден де қатты асыға күтеді. 2022 жылы 27 желтоқсан күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде жұмыс істейтін қызметкерлердің бүлдіршіндері үшін жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Іс шара барысында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері және ұйымдастырушы педагогтар бірлесіп, ертегі әлеміне саяхат жасады. Мерекеге шақырылған бүлдіршіндер ұйымдастырылған әр түрлі іс шараларға белсене қатысты. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерімен танысып, әсем ән айтып, би билеп Аяз Атадан тәтті сыйлықтар алды. Барлық қатысушыға іс шара ұмытылмас әсер сыйлады. Бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі ,бақытты балалық шақты сыйлау- қандай керемет десеңізші!



Текст
Виртуальная приемная