Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарындағы жаңа қадам

24.09.2025

24 қыркүйекте «Е.А. Букетов атындағы мектеп-гимназия» КММ мен «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум кәсіби бағдар жұмысын дамытуға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және оқушылардың әртүрлі мамандықтармен ерте танысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Тараптар бірлескен іс-шаралар – шеберлік - сағаттар, экскурсиялар, ашық сабақтар мен байқаулар өткізуге, сондай-ақ оқушыларға колледждегі оқу сабақтарына қатысу мүмкіндігін беруге келісті. Меморандум білім беру ұйымдарының мектеп оқушыларының кәсіби таңдауына қатысты бірлескен жұмысына жаңа серпін береді.



Текст
Виртуальная приемная