Новый учебный год – новые цели и задачи.

02.09.2020

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа міндеттер

1 қыркүйек - жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуы! Бұл күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да жаңа оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттары қарастырылған педагогикалық кеңес өтті. Ал бұл жұмыстардың саны аз емес, оның бірі, білім алушыларды жеке шешім қабылдауға, жеке тұлғаның құзыреттілігі мен өзіндік дамуына бағыттайтын артықшылықтарына, сонымен қатар, әр адамның мүмкіндіктеріне байланысты белгілі бір қиындықтарға толы қашықтықтан оқыту болып табылады. Ұжым алдына қойылған міндет - колледждің әр қызметкерінің рөлі маңызды болатын оқу орнының аккредиттеуден өтуі. Жалпы білім беру пәндерінің жаңартылған мазмұны бірінші курс білім алушыларын оқытудағы маңызды кезең болып табылады, оны да биыл енгізу қажет. Ұжыммен пандемия кезеңінде сақталуы тиіс санитарлық іс-шараларды жалғастыру туралы мәселе де назардан тыс қалған жоқ. Бұл тақырыпты колледждің медицина қызметкері А.Қ.Қапарова сөз етті.

Колледж директоры Б.Ж.Бұғасов педагогикалық ұжымды 30 тамызда өткен ҚР Конституциясы күнімен және 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтап, ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен СҚО Білім басқармасының грамоталарын және Алғыс хаттарын табыс етті. Сөйтіп, ҚР БҒМ Алғыс хатымен дене тәрбиесі және спорт оқытушысы Н.Қ.Төребаев марапатталды, СҚО ББ Құрмет грамоталарымен оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Т.А.Дмитрик және агрономиялық пәндер оқытушысы Е.А.Черкасова марапатталды, СҚО ББ Алғыс хатына механика-инженерлік пәндер оқытушысы А.Қ.Рақымғазиев және өндірістік оқыту шебері Ж.А.Гильгенберг ие болды.

Білім күніне орай СҚО педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясында колледж директоры Б.Ж.Бұғасовқа Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі табыс етілді.

Педагогикалық кеңес аяқталғаннан кейін колледж ұжымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын атап өткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын тыңдады. Тікелей көрсетілімнен кейін, Президенттің атап өткен барлық 11 бағыты бойынша біздің колледждің педагогикалық қызметкерлері оң пікірлерімен бөлісті.

Құрметті оқытушылар, білім алушылар, ата-аналар баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз! Бүгінгідей қиын жағдай туындағанда бүкіл ел үшін ең маңыздысы денсаулық тілейміз, бір-біріңізге қамқор болып, өмірді оның кез-келген көрінісінде бағалай біліңіздер!

Бірінші курс студенттері үшін 1 қыркүйек – болашақ мамандыққа жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Студенттік кезең сіздер үшін алғашқы жеке шешімдер қабылдау кезеңі. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!



Текст
Виртуальная приемная