Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу

24.03.2022

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 2021 жылғы 15 желтоқсан күнгі №1035 «Жас Маман» жобасына қатысушыларға ауылдық колледждерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-ның «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-на 071616000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша әдістемелік көмек көрсету және оқытылатын пәндердің сапасын жақсарту үшін «Петровка аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Тимирязев аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ бекітілді. 2022 жылғы 11 наурызда «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында жоғарыда көрсетілген колледждер директорларының ӨОЖ жөніндегі орынбасарларының, өндірістік оқыту шеберлерінің, сондай-ақ арнайы пәндер оқытушыларының кездесуі өтті. Кездесу бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: колледждің материалдық базасымен танысу және WorldSkills бірлескен өңірлік байқауын өткізуді талқылау.

Бекітілген колледждердің әріптестерімен кездесу барысында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК материалдық базасымен таныстыру экскурсиясы өткізілді. «Жас Маман» жобасын іске асыру аясында сатып алынған техника мен жабдықтарға ерекше назар аударылды. Әріптестерге «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру аясында

«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК сатып алған келесі машиналар мен жабдықтар таныстырылды: 07210200 «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша:

1. ДК-мен басқарылатын сары май өндіретін оқу блогы.

2. ДК-мен басқарылатын оқу сепараторы.

3. Шағын сүт зауыты.

4. Компьютер жиынтықта.

5. Интерактивті дисплей.

07210100 «Ет және ет өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша:

1. Ірі қара малды союдың модульдік алаңы. 08110100 «Агрономия» мамандығы бойынша:

1. Түсті TFT дисплейі бар сымсыз WiFi метеостанциясы.

2. Зертханалық электронды таразылар.

3. «Инфраскан -1050» инфрақызыл талдағыш экспресс-талдау аспабы.

4. Зертханалық диірмен.

5. «ПЧП-7» құлау санын анықтауға арналған аспап

07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша:

1. John Deere W430 астық жинайтын комбайн 222r - 6,8 м тікелей комбайндайтын дестелегішпен және 212p - 3,6 м іріктегішпен жиынтықта.

2. «Дәнді дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығы машиналары» жарықдинамикалық стенд-планшет.

3. Әмбебап фронталды тиегіш ПКУ-0,8.

4. ТНВД сынауға арналған стенд. 5.

5 корпусты аспалы соқа.

6. Астық сепкіш.

7. Өздігінен қозғалмалы үйінді тазалағыш.

8. Дискілі сепкіш (қамту ені 5,4 метр).

9. John Deere доңғалақты тракторы 6155м.

10. 9 метрлік «DON MAR» тіркемелі дестелегіші.

11. Тырма.

12. Шынжыр табанды трактор.

13. John Deere ауылшаруашылық тракторының оқу тренажері.

14. Ауыл шаруашылық арнайы техника мен агрегаттарды сақтауға арналған қаңқалы, жылытылмаған ангар.

Кездесудің екінші бөлігі колледж кітапханасында өтті, бұл кездесуде 2022 жылдың сәуірінде «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігімен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреті бойынша WorldSkills бірлескен өңірлік конкурсын өткізу талқыланды. Семинарға қатысушылар «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК әзірлеген WorldSkills байқауын өткізу бойынша Ережені қарастырды. Әріптестердің барлық ұсыныстары ескеріліп, байқау ережесіне енгізілді. WorldSkills аймақтық байқауында «Жас Маман» жобасын іске асыру шеңберінде сатып алынған жабдықты пайдалану туралы шешім қабылданды. Кездесу белсенді және нәтижелі өтті, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Кәсіптік оқыту бойынша директордың орынбасары А.П.Ждаморев



Текст
Виртуальная приемная