Тәжірибе алмасу

30.11.2023

2023 жылғы 28 қараша күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің базасында іс–шара ұйымдастырылды. Іс шараға «Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық «Асыл түлік» орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Б. С. Сейсенов, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы А. Т. Абдуллаев, институт қызметкерлері және "Ветеринария" мамандығы бойынша оқытушылар мен студенттері қатысты. Кездесу барысында қолдан ұрықтандыру процесі, материалдың сапасы, өнімділігі, асыл тұқымды сапасы, жануардың денсаулығы, қолдан ұрықтандыру технологиясы туралы сұрақтар көтерілді. Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық «Асыл түлік» орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Болат Секенұлы орталықтың қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар елімізде ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін және асыл тұқымдық қасиеттерін арттыру мақсатында мал өсірумен айналысып отырған шаруашылықтарды әлеуеті жоғары сапалы генетикалық материалдармен (асыл тұқымды аталық малдардың ұрығымен) қамтамасыз ету – орталықтың міндеті екенін айтты. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»ЖШС басқарма төрағасы Алтынбек Тағайбекұлы, өз сөзінде жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі туралы айтып берді. А. Т. Абдуллаев малдың жергілікті жемшөп базасына және климаттық жағдайларға бейімделуін зерттеуге, Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын дамытуға, сүт және етті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыруға назар аударды. Кездесуге қатысушылар ветеринария саласындағы проблемалық мәселелерді, мал шаруашылығы саласындағы серпінді жобаларды іске асыру және қолдан ұрықтандыру әдістері мен биотехнологияны кеңінен енгізу шеңберінде жоғары өнімді жануарлардың құнды генофондын таратуды талқылады. Колледж студенттері өздерінің кәсіби қызметіне қажетті көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты білді. Колледж қонақтары үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен маманының жаңа моделін дайындау жүзеге асырылатын колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ауыл шаруашылығы бағытындағы құзыреттер орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.



Текст
Виртуальная приемная