(Білім беру нысаны ғимаратында және оның аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі)
2025 жылы 16 маусым күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Күдікті затты анықтау. Эвакуация» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға колледждің оқытушылары, қызметкерлері мен 1, 2, 3, 4 курс білім алушылары қатысты.
Сағат 11:30-да колледждің студенті екінші қабаттың фойесінде күдікті затты байқап, дереу колледж әкімшілігіне жеткізді. Әкімшілік жағдайды бағалап, шартты түрде полицияның 102 нөміріне тиісті мәлімет берді. Күдікті зат табылған жерде колледж қызметкерлері тарапынан қоршау қойылды. Дыбыстық хабарлама арқылы колледж қызметкерлері мен білім алушыларына эвакуация қажеттігі туралы ескерту жасалды.
Іс-шара барысында ғимаратта болған адамдар 100 метр қашықтыққа сыртқа қауіпсіз шығарылды. Білім алушылардың қатысуы топ журналдарындағы тізімдер бойынша нақтылап тексерілді. Колледж ғимаратынан білім алушылар мен оқытушыларды эвакуациялау тәртібі мен персоналдың әрекет алгоритміне сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған оқу-жаттығу іс-шарасы ешқандай құқықбұзушылықсыз, барлық белгіленген нұсқаулықтар мен талаптарға толық сәйкес өткізілді. Бұл жаттығу колледж ұжымы мен білім алушылары арасында тәрбие сағаттары барысында жүргізілген терроризм қаупі туындаған кездегі әрекет ету алгоритміне қатысты нұсқаулықтар мен түсіндіру жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін айқын көрсетті.



