Ел қорғаны – Қарулы Күштер

06.05.2025

«Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны – Қарулы Күштер» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен таныстыру, жастар бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, қазіргі заманғы әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру.

Бағдарлама аясында студенттерге арналған мазмұнды және заманауи форматтағы тапсырмалар ұсынылды:

Ақпараттық бөлім – ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы, рәміздері және жетістіктері туралы таныстырылым;

Бейнематериалмен жұмыс – қазақстандық офицердің ерлік жолын баяндайтын бейнеролик көрсету;

«Top ARMIЯ» интерактивті квизі – Quizizz платформасында әскери тақырыптағы сұрақтар бойынша білімін сынау;

«Сарбазға ашық хат» шығармашылық тапсырмасы – студенттер өз алғыстарын білдіретін ашық хаттар жазып, көркемдеді.

Тарихи сағат жылы әрі тәрбиелік сипаттағы атмосферада өтті. Студенттер белсенділік танытып, Отан қорғаушылардың рөлі мен маңыздылығын түсінуге ерекше қызығушылық білдірді.



Текст
Виртуальная приемная