Білім, мемлекет және бизнес -серіктестердің сындарлы диалогы

20.12.2022

2022 жылы 8 желтоқсан күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында бітіруші түлектер мен Есіл ауданының әкімі М.Д.Оспанов және "Агрохимснаб" ЖШС директоры В. В. Олексюк арасында кездесу ұйымдастырылды. Есіл ауданының әкімі Медет Дулатұлы кездесу барысында бітіруші түлектерге "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, жастар практикасы, кәсіптік практикадан өтудің маңыздылығы және жұмысқа орналасу туралы тың ақпараттар берді. Сондай-ақ бітіруші түлектер мен студенттерді жазғы демалыс кезеңінде уақытша жұмысқа орналасуға шақырды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды аудан әкіміне тікелей жолдай алу мүмкіндігіне ие болды. Іс шара соңында Есіл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу, жұмыс берушілермен әріптестік қатынастарды дамыту. Түлектер бос жұмыс орындармен және өз мамандықтары бойынша жұмыс жағдайларымен танысты. Көптеген студенттер ұсынылған шарттарға қызығушылық танытты.



Текст
Виртуальная приемная