«Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» әдеби сот

22.05.2025

«Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» атты әдеби сот ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді көркем шығарма мазмұнын тереңірек түсінуге жетелеу, кейіпкерлер әрекетіне сыни көзқараспен қарау дағдыларын дамыту және әдеби мәтінді қазіргі заман тұрғысынан талдауға бейімдеу.

Бағдарлама аясында студенттерге арналған мазмұнды және заманауи форматтағы тапсырмалар ұсынылды:

• Рөлдерді бөліп ойнау – студенттер судья, прокурор, адвокат, куәгер және айыпталушы рөлдеріне бөлінді;

• Дәйексөздермен жұмыс – романындағы үзінділер негізінде дәлел келтіру;

• «Қылмыскер ме, әлде идея құрбаны ма?» пікірталасы – кейіпкер әрекетінің моральдық жағын талдау;

• Қорытынды дауыс беру – қатысушылар кейіпкердің кінәсі жайында өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара қызықты әрі тәрбиелік сипаттағы атмосферада өтті. Студенттер әдеби шығармаға жаңаша көзқараспен қарап, кейіпкер тағдырына терең үңілді. Олардың белсенділігі мен ой-пікірі әдеби талдаудың тиімді құралы ретінде «әдеби сот» форматының маңыздылығын көрсетті.



Текст
Виртуальная приемная