23.04.2023
2023 жылы 21 сәуір күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған «Патриот» әскери-патриоттық айлығын өткізу аясында "Ұлы Отан соғысының негізгі шайқастары" тақырыбында ерлік сабағы өтті. Осы шайқастардың мысалында Екінші дүниежүзілік соғыстың барысы мен аяқталуына, сондай-ақ соғыстан кейінгі бейбітшілік құрылымына әсер еткен Ұлы Отан соғысының кезеңдері ашылды.Сабақ барысында мақсаттар, міндеттер, стратегиялық және тактикалық шешімдер анықталды. Сарапшылар ретінде кеңес әскері және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері шақырылды.
