Саналы ата - ана

10.09.2025

10 қыркүйек күні КМҚК «Ж. Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде» студенттер үшін отбасы күніне арналған апта аясында құқық қорғау органдарының өкілдері және медицина қызметкерімен кездесу өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Московченко Н. В. және аға жедел уәкіл, полиция майоры Шалобаев Т. И. жастардың құқықтық сауаттылығы мәселелерін талқылап, ал Покровка дәрігерлік амбулаториясының акушері Долматова В. В. жауапты ата-ана болудың маңызы туралы баяндады.

Құқықтық мәдениет мәселелерін отбасы құндылықтарымен ұштастыра талқылау студенттердің өз құқықтары мен міндеттеріне, отбасына және денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ ерте некелердің және ойланбай қабылданған шешімдердің жағымсыз салдарының алдын алуға ықпал етті. Кездесу конструктивті жағдайда өтті: студенттер белсенділік танытып, мамандардан қажетті кеңестер алды.



Текст
Виртуальная приемная