Бүгін, 2024 жылғы 4 наурызда Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің әдіскері Е. А. Ионова аттестаттау қағидаларының жобасы бойынша, оған сәйкес өзгерістер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына түсініктемелер берді. Аттестаттау қағидаларына енген өзгерістер және «Ұстаз» атты педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын іске қосуғабайланысты бірыңғай орталық құрылды. Орталық күш пен уақытты үнемдеуге; әділдік пен бейтараптыққа; педагог қызметін объективті бағалауға; орындалуын бақылауға; жедел хабардар болуға; мониторинг пен талдауға; өзін-өзі дамытуды ынталандыруға бағытталған. Өзгерістер Жобасына сәйкес ПББ (педагог білімін бағалау) тапсыру тәртібі: ПББ электронды форматта тапсырылады, ПББ өткізу мерзімін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі айқындайды, педагогтер кезекті атестаттаудан өту кезінде жылына бір рет – тегін, бір рет – ақылы; кезектен тыс болса - жылына бір рет тегін тапсыра алады, сынақ тестілеуі (педагогтің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде, бірақ сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау үшін негіз болып табылмайды, ПББ ережелерін бұзған жағдайда педагог бір жыл мерзімге аттестаттаудан шеттетіледі, Егер қайталап бұзса - 5 жылға шеттетіледі. Аттестаттау қағидаларының жобасына сәйкес аттестаттаудан зейнеткерлікке 4 жыл қалған педагогтер босатылады. Егер зейнеткер жасында жұмыс жасайтын болса аттестаттаудан өтеді. 30 жыл еңбек өтілі бар педагогтер қолда бар санатын растайтын болса тесттен босатылады. Егер қолдағы санатын бір сатыға көтеретін болса аттесттаттаудан өтеді. Қалған оқытушылар ПББ тапсырады. Декреттен шыққан, денсаулығы бойынша ауырып қалған, қандас бауырларға аттестация мерзімі 2 жылға ұзартылады. Тест нәтижесі бойынша өзінің берген санатына өтпеген жағдайда тек қана 1 саты ғана төмендейді. Тест тапсыру кезінде тәртіп бұзған педагогтердің аттестациядан өтуі 1 жылға шегеріледі. Жоғары, бірінші, екінші (ескіше) санаттағы педагогтер жаңа форматтағы кез- келген санатқа (педагог-шеберден басқа) өтініш бере алады. Оқытушының тиімді қызметінің негізгі көрсеткіштері - Білім сапасының динамикасы, ал оқыту әдістемесін меңгерудің негізгі көрсеткіші - сабақ. Бірінші басшылар мен орынбасарлардың тестілеуіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 10 мәселесі қосылды. Аттестаттау ережелерінің бұл жобасы 2024 жылдың 15 наурызына дейін педагогикалық қоғамдастықтың қызу талқылауында болады.