2025 жылы 23 сәуір күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК білім алушылары мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің (СҚУ) өкілдері арасында кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктерімен және университетке түсудің перспективаларымен таныстыру.
Кездесу барысында СҚУ өкілдері университеттің құрылымы, білім беру бағдарламалары мен қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берді. Әсіресе, СҚУ мен Аризона университеті арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан қос диплом алу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Бұл жоба білім алушыларға шетелге шықпай-ақ халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді.
Колледж студенттері белсенділік танытып, оқуға түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын шарттар және болашақта жұмысқа орналасу мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойды. Университет өкілдері студенттік өмірге бейімделудің маңызды аспектілері ретінде ғылыми және мәдени іс-шараларға қатысудың, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында СҚУ ұсынатын мамандықтар туралы ақпараттық материалдар таратылып, қабылдау комиссиясының өкілдерімен кеңес алу мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Осындай кездесулер білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және өзінің білім беру мен кәсіби даму жолын жоспарлауға көмектеседі. Колледж бен университет арасындағы ынтымақтастық – өңір жастары үшін сапалы білім алуға және болашақта табысты еңбек жолын бастауға мол мүмкіндік береді.


