05.09.2024
Дөңгелек үстел ағылшын тілі оқытушысы Нұрбекова Жұмагүл Дауанқызының және қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Жүнісбаева Сабина Жанатқызының кіріспе сөзімен ашылды, олар екінші тілді білу өмірде де, мансапта да жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: 1. Қазіргі әлемде екінші тілді үйренудің маңыздылығын талқылау. 2. Тілдік дағдылардың жеке және кәсіби дамуға әсерін бағалау. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, тілдерді үйрену тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар тілдерді үйренуден алған әсерлері мен олардың өмірге әсерін талқылай алатын жанды пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер екінші тілді білу тек кәсіби дамуға ғана емес, сонымен қатар жеке тәжірибені байытады деген ортақ пікірге келді.

