Ауған соғысы аяқталғаннан бері 35 жыл өтті. Тоғыз жылға созылған ауыр соғыс болды. Бұл күні Отаннан тыс жерлерде қызметтік борышын өтеген әскери қызметшілерді еске алу күні атап өтіледі. Олар батылдық, жеңіске деген ерік-жігер, өз халқына және өз еліне деген адалдықты көрсете отырып, бұйрықты орындады. Біз мұны әрқашан есте сақтаймыз. 2024 жылдың 14 ақпанында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған «Жады тірі» атты іс-шара өтті. Әскери тарихтың естелік оқиғалары арқылы болашақ азаматтың жеке қасиеті ретінде патриотизмді қалыптастыру мақсатында деректі фильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушыларды Ауғанстандағы соғыс оқиғаларымен таныстырды, біздің сарбаздарымыз өз міндеттерін қалай батыл және кәсіби түрде орындағанын, қиын жағдайда қалай табандылық, тектілік танытып, әскери ант пен борышқа адал болғанын еске салды. Ауған соғысына қатысқандардың барлығының құрметіне сөздер мен әндер айтылды. Соғыс жолдарынан өтіп, туған үйіне оралмай, ар –ождан, парыз, Отан, ар-намысты өмірдің басты қағидасы еткен азаматтар - біздің жүрегімізде оларға деген мақтанышпен сақталады!