"Жауынгерлік даңқ" мұражайына саяхат

11.05.2023

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 78 жылдығын мерекелеу аясында 2023 жылғы 11 мамырда "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК 1 курс студенттерімен экскурсия бару ұйымдастырылды. 1 курс студенттері өлкетану мұражайы мен Есіл ауданы ІІБ-нің "Жауынгерлік даңқ" мұражайына барды. Студенттер үшін мұражай - бұл біртұтас тұлғаны қалыптастыру, мәдени құндылықтар мен дәстүрлермен таныстыру құралының негізі болып табылады.

Бақылау-өткізу пунктінде білім алушыларды экскурсия жетекшісі жылы шыраймен қарсы алды. Экскурсия жетекшісінің жетекшілігімен студенттер ауданымыздың дүниеден өткен батырлары туралы тың мәлімет алды. Білім алушыларды Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауған жауынгерлеріне, Есіл ауданының Құрметті азаматтарына арналған экспозициялар қызықтырды. Білім алушыларды экскурсия жетекшісінің Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов туралы әңгімесі ерекше сезіммен қабылданды, оның есімі біздің оқу орнымызда мақтанышпен аталады.

Экскурсия өте қызықты болды, білім алушылар көргендеріне қатты қуанды: әсіресе криминалистің жұмыстың ерекшелігі туралы әңгімесінен, білім алушылар саусақ ізін тексеруге қатысты. Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды және қызықты жауаптар алды. Колледжге оралғанда білім алушылар ұзақ уақыт бойы өз әсерлерімен бөлісті. Әскери даңқ мұражайына Экскурсия жасау- білім алушылар үшін өте қызықты, әрі танымдық саяхат болды.



Текст
Виртуальная приемная